Қазақстан ресейлік «СБЕР» платформасынан бас тартты

Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз, — деді Асқар Жамбақин.

Айта кетейік, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Сбербанкпен арадағы цифрлық платформаның орнына отандық жоба іске асырылуы мүмкін екенін айтқан болатын.