Алматыда көлік нөмірін ұрлап, ол үшін ақша талап еткен жігіт ұсталды

Күдікті 26 жастағы О. есімді азамат болып шықты.

Ол — Қарағанды ​​облысынан келген, еш жерде жұмыс істемейді. Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарған. Тұрғын үйлер ауласындағы бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, көліктің алдыңғы әйнегіне 10 мың теңгеге «сатып алу» туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Сонымен қатар, ер адамның қаланың басқа жерлерінде тіркелген қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды, — деді Әуезов аудандық ПБ  жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдіретбаев.