Басты бетЖаңалықтарАтырау облысының...

Атырау облысының Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақпаратқа сәйкес, бұған Ойыл өзенінде су деңгейінің көтерілгені себеп болған.

Аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның жоспардан тыс отырысы өтіп, Ойыл өзенінің арнасынан тасуына байланысты Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 8(71238)2-17-84, 101, +7 7771935380 Call-орталыққа қоңырау шалуға болады, -делінген хабарламада.

Қазір аудан орталығы Миялыдан Жангелдин ауылына қатынайтын жол жабылды. Қауіп сейілгеннен кейін жол қалпына келтіріледі. Аудан орталығын су тасқынынан қорғау мақсатында 300 тонна топырақ, құм толтырылған 500-ден астам қап қойылған.