Басты бет Жаңалықтар Алматы тауында қар көшкіні: Франция азаматы қайтыс болды

Алматы тауында қар көшкіні: Франция азаматы қайтыс болды

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған екінші адамның денесі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

Фото: Төтенше жағдайлар департаменті

Жоғалған Франция елінің азаматы қайтыс болды.

Оқиға орнында 6 адам болған. Оның төртеуі зардап шеккен жоқ. Бір адам жарақаттанды және тағы бір адам қаза тапты. Құтқарушылар жедел-тергеу тобын күтіп жатыр,- делінген хабарламада.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын. Хабарламаға сәйкес, қар көшкінінің астында қалған екі адам Франция елінің азаматтары.

Exit mobile version