Басты бет Жаңалықтар Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам табылды

Алматы тауларында қар көшкінінде қалған бір адам табылды

Алматы тауларында қар көшкінінде қалғандардың бірі табылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар қар көшкіні салдарынан зардап шеккендердің бірін алып шыққан. Оның иығы зақымданған. Қар көшкіні астында қалған екінші адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру үшін құтқарушылар дрондарды пайдаланған. Құтқару жұмыстарына түрлі жедел қызмет ұйымдарынан 31 адам және 8 техника, 2 кинология есебі, 1 тікұшақ жұмылдырылған,- делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматы тауларында қар көшкіні болып, құтқарушылар екі адамды іздеп жатқаны хабарланған болатын.

Exit mobile version