13 сәуірде сағат 13:28-де 109 құтқару қызметінің жедел кезекшісінен Тұйықсу ауданы «Молодежный» шыңында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Көшкін астында екі адам қалып қойған,- делінген төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Алматы тауларындағы іздестіру-құтқару жұмысына «Тұйықсу» КҚҚ, «Құтқару қызметі», төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару қызметі, «Казселезащита» ММ құтқарушылары қатысып жатыр. Барлығы – 26 адам және екі кинологиялық бригада.