Синоптиктер болжамынша, республика арқылы өтетін циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Елдің солтүстігінде күндіз ауа температурасы 13-18 градустан 20-25 градусқа дейін жылы болады, орталықта 17-22 градус жылы, оңтүстікте 20-25 градус жылы болады деп күтіліп отыр. Шығыста — 12-20 градус жылы болады, — делінген хабарламада.