Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі — Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалсын, — делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бұл лауазымда қазіргі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болған.