Басты бетЖаңалықтарАлматының кейбір...

Алматының кейбір аудандарында электр қуаты сөнеді

Бұл туралы «Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

13 сәуір күні сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жоғары вольтты желіге жоспарлы жөндеу жұмысына байланысты «Алғабас» шағын ауданында 1858 абонентке электр жарығы берілмейді,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар 2 мыңға жуық тұрғын дәл осы уақыт аралығында жарықсыз қалады:

  • Томирис шағынауданы;
  • Шынқожа батыр көшесі;
  • Көксу көшесі;
  • Көлсай көшесі;
  • Орталық көшесі;
  • Карл Маркс көшесі;
  • Озерная көшесі;
  • Боралдай ықшамауданы.

Бүгін «Алғабас» ықшамауданындағы Бес Арыс, Баршын, Бөрі Байрақ, Сұлтан, Инабат, Мақатаева, Бейбітшілік, Алатау, Желтоқсан көшелерінің бойында да сағат 17:00-ге дейін электр жарығы өшірілді. Өшіру трансформаторлық қосалқы стансаның жөндеуімен байланысты.