Синоптиктер мәліметінше, атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауады, елдің оңтүстігінде найзағай, екпінді жел, нөсер болады деп болжанған.
Республиканың солтүстік-шығысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде тұман, батыста және оңтүстікте құмды дауыл болады. Күндіз Қазақстанның батысында ауа температурасы 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде 10-17-ден 15-26 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік жартысында термометр бағаны 22-32 градусқа дейін көтеріледі, — делінген хабарламада.