Құрманғазы Есқазиев «ҚазМұнайГаз» басшысы болды

 Бұл туралы компанияның сайтында жарияланды.

Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеті берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Құрманғазы Есқазиев В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.

2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды.

2021 жылы И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесіне иемденді.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015 ж.), И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры;

2006 — 2008 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, директоры;

2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ) жөніндегі басқарушы директор, геология жөніндегі басқарушы директоры;

2015 жылдың қыркүйегінен 2018 жылға дейін – «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры;

2018-2020 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнай сервисі жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары;

2020 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры;

2022 жылдың ақпанынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары болды.