Универсиада: Шаңғы жарысынан ерлер құрамасы күміс алды

Бұл жарыста Ресей құрамасы бір сағат және 12:49.3 минут көрсеткішімен жеңіске жетті. Күміс жүлде ресейліктерден 1,8 секундқа ғана артта қалған Қазақстан құрамасына бұйырды. Еліміздің намысын қорғағандар — Сергей Малышев, Виталий Пухкало, Ринат Мухин және Олжас Климин. Үшінші орында Чехия құрамасы (+2:02.5).

Бұл Универсиада-2017 жарысындағы Қазақстан құрамасының 27-ші жүлдесі. Қазір Қазақстанның қоржынында он алтын, алты күміс және он бір қола жүлде бар.

Мұның алдында әйелдер эстафетасы өткен. Онда да Анна Шевченко, Ольга Мандрика мен Ирина Быкова құраған команда Ресей құрамасына ғана жол беріп, күміс медаль иеленген болатын.

ДереккөзVesti.kz