Басты бетЖаңалықтарПавлодар облысы...

Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі істер министрлігімен бірлесіп, өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарын бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұстады, — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.