«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ауысты

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, оның орнына Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.