«Аэрофлот» Мәскеуден Қазақстанға тікелей әуе рейстерін іске қосады

Әуе рейстері 23 сәуірден бастап ұша бастайды.

«Аэрофлотпен» Мәскеуден Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағандыға барып-қайтуға болады. Жолаушыларды Superjet 100 ұшақтары тасымалдайды. Рейстердің кестесі әуе компаниясының сайтында жарияланған.

Еске салайық, «Аэрофлот» Қазақстанға ұшуды 2022 жылғы 8 сәуірде тоқтатқан болатын.

Бұған дейін 8 сәуірден бастап Сочиден Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау және Ақтөбеге дейін рейстер ұшатыны хабарланған еді. Енді әуе компаниясы Мәскеуден рейстердің іске қосылуына байланысты Сочиден Қазақстан қалаларына ұшу кестесіне түзету енгізілгенін ескертті.