Еліміздегі жаңа облыстардың шекарасы бір жарым айда анықталады

Жақында ғана бұқаралық ақпарат құралдарында Шығыс Қазақстан облысының қалай бөлінетіні туралы ақпарат тарады. Бұдан басқа ештеңе жоқ, жұмыс әлі атқарылып жатыр. Жаңа облыстар мәселесімен үкіметтің экономикалық блогы айналысады. Жақын бір-бір жарым айдың ішінде шешім қабылданады, — деді Қанат Мусин журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған жолдауында Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстарын құруды. Абай облысының орталығы Семейде болса, Ұлытаудың орталығы Жезқазғанда орналасады. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда болады.

Жақында Абай облысына кіретін аудандар анықталды. Оған облыстық маңызы бар екі қала — Семей мен Курчатов, сонымен қатар, 8 аудан — Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті мен Аксуат кіреді. Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскмен мен Ридер, 9 аудан — Алтай, Глубоковской, Зайсаң, Қатонқарай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самар мен Тарбағатай қалады.