Үш мемлекетпен шекараны кесіп өтуге қойылған шектеулер алынады

Эпидемиология жағдайының тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биылғы 11 сәуірден бастап Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен құрлықтағы өткізу пункттерінде ҚР азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдіктердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуіне қойылған шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар әуеқатынасы арқылы ҚР мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге қойылған барлық шектеулер алынып тасталады. Бұл ретте қазақстандықтар мен Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда COVID-19-ға қарсы вакциналаудың, ревакциналаудың толық курсынан өткені туралы құжатты/паспортты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады.

Вице-премьер өз сөзінде мемлекеттік шекараны ашу мәселесі мемлекет басшысының тұрақты жеке бақылауында екенін айтты.

Отырыс соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге коронавирусқа қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.