Сенбілік сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін өтеді. Сенбілікке коммуналдық қызметтердің 2000-нан астам қызметкері мен 400-ден астам арнайы техника шығады.
Қысқы кезеңнен кейін қала аумағын, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аулаларды, сонымен бірге сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды тазарту жоспарланып отыр. Жаппай ағаш отырғызу да жоспарланған. Барлық меншік түріндегі ұйымдардың, соның ішінде ЖИБ, ПИК басшыларының қажет болған жағдайда сенбілікке қатысушыларды іргелес аумақтар мен аулаларда қоқыс жинауға арналған құралдармен, қолғаптармен, қаптармен қамтамасыз етуін сұраймыз. Қоқыс салынған қаптарды жол жиегіне қою ұсынылады. Оларды қаланың коммуналдық қызметтері алып кетеді.
Қала аудандары бойынша сенбілік өтетін орындар:
1) Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.
2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.
3) Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде.
4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.
5) Жетісу ауданында — Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.
6) Медеу ауданында – «Восточка» тұрғын үй кешені артындағы Казачка өзенінің, Дінмұхамед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.
7) Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.
8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.