Басты бетЖаңалықтарҚаңтар оқиғасы:...

Қаңтар оқиғасы: жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 іс тергеліп жатыр

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, әлеуметтік желіде 2022 жылы қаңтарда Қазақстанда болған оқиғаларға байланысты жалған ақпараттар әлі де тарап жатыр.

Қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін. Қазіргі уақытта бұл деректер бойынша 11 соталды тергеу басталды. Өз тарапынан құқық қорғау органдары мен прокуратура толық тергеуді, заң нормаларын сақтауды және дұрыс қолдануды қамтамасыз ету үшін барлық күш пен ресурсын жұмылдырады, — деді Елдос Қилымжанов брифингіде.