Хабарламаға сәйкес, 4 сәуір сағат 10-дағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында көшкіннің өздігінен түсуіне байланысты «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 420-450 шақырымында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Бұған дейін «ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың 250-ден астам учаскесін су басу қаупі бар екенін хабарлады.
Су басып кету қаупі бар учаскелер тізімі жасалып, 250-ден астам учаске анықталып отыр. Қазавтожолдың әр өңірлік филиалы көпірасты аймақтарды, су өткізу құбырларын қардан тазалап, ашып жатыр. Сонымен бірге көпір арналарын тазалау, су тасқынын болдырмау үшін инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, ұлттық компания қызметіне қатысты барлық мәселе бойынша 1403 нөміріне қоңырау шалу қажет.