Басты бетЖаңалықтарШығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

3 сәуірде сағат 12.04-те Шығыс Қазақстан облысының Өскемен-Құмыстау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. 5 вагон өзенге түсіп кеткен, — делінген хабарламада.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, руда тиелген екі вагон Ресей Федерациясының меншігі болса, шлак тиелген 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі.

Фото: @abzhannews Tenegram-арнасынан

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жолаушылар және жүк пойыздарында кідірістер жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтау үшін ұлттық компания басшыларынан комиссия құрылды, — деді ҚТЖ өкілдері.