Басты бетЖаңалықтарҚарағанды облысында...

Қарағанды облысында ит талаған екі баланың бірі қайтыс болды

Қарағанды ​​облысының Ақтоғай ауданында ит 3 және 5 жастағы екі балаға шабуыл жасады. Олардың бірі ауруханада қайтыс болды.

Оқиға 1 сәуірде болған. Бұл туралы ақпарат Ақтоғай аудандық полиция бөліміне сағат 19.00-де түскен. Ит шабуылынан зардап шеккен екі бала медициналық мекемеге жеткізілген.

Полицейлер жекеменшік үйдің ауласында ойнаған екі ұл балаға байлаусыз жүрген ит шабуыл жасағанын анықтады. Зардап шеккен балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, 3 жасар бала алған жарақаттарынан қайтыс болды. Екінші бала ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.