2021 жылғы наурызда инфляция 8,7% болған. Бюро мәліметі бойынша, 2022 жылғы наурыздың аяғында Қазақстандағы инфляция 12%-ке дейін өскен.
2022 жылғы наурызда тұтыну бағаларының индексі өткен аймен салыстырғанда 103,7 пайыз болды. Азық-түлік тауарлары 5,8 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 2,8 пайызға, ақылы қызметтер бағасы 1,4 пайызға өсті, — делінген хабарламада.