Басты бетЖаңалықтарСбер көбейтілген...

Сбер көбейтілген кешбэктер ұсынады

Хиппи дәуірі мен панк-роктың пайда болуы бүгінде сауда саласында үнемді және тиімді ең басты трендті қалыптастырды. Мәселе кешбэк туралы. Бұл ұғымды білетіндер күн санап артып жатыр. Біріншіден, бұл –  үнемділік, екіншіден, ақшаны тиімді жұмсау, себебі жұмсалған қаражаттың белгілі бір пайызын қайтарып алуға болады.

Әр адам – белсенді сатып алушы. Сондықтан СберБанк жоғарылатылған кешбэк маусымын бастайтынын қуана хабарлайды және осылайша клиенттерге жасаған саудасынан айтарлықтай сома үнемдеп қалуға мүмкіндік береді.

Ол үшін СберБанктің POS-терминалдар желісінде СберБанктің картасымен төлем жасап, әр төлемнен 5% қайтарып алыңыз.

Кепілдендірілген 5%-дық кешбэк картаға айдың соңында нақты ақша түрінде түседі, клиенттер оны өз қалауы бойынша жұмсай алады. Картаға бір айда түсетін ең көп кешбэк – 15 000 теңге.

СберБанк өз карталарын қолма-қол емес ақшаны пайдалануды одан әрі тиімді ететін опциялармен толықтыруды жалғастырады.

Назар аударыңыз: 5%-дық кешбэкке ие болу үшін сауда ақысын СберБанктің  POS-терминалдық желісі арқылы СберБанктің карточкасымен төлеу қажет.