Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,9% жоғары ($3,5 миллиард). Биылғы қаңтар-ақпанда ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 14% өсіп, $767,5 миллион құрады.
ЕО елдеріне экспорттың өсуі мынадай тауарларды жеткізудің артуына негізделген: шикі мұнай — 81,2% ($4,6 миллиард), ферроқорытпалар — 2,5 есе немесе ($96,3 миллионға дейін), өңделмеген алюминий — 2,5 есе ($58,0 миллионға дейін), бидай — 13,2 есе ($ 31,7 миллионға дейін), мұнай өнімдері — 40,4% ($94,6 миллионға дейін), табиғи газ — өсім 4,3 есе ($35,5 миллионға дейін),- делінген хабарламада.
ЕО елдерінен Қазақстанға импорттың негізгі тауарлары:
- бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар;
- вакциналар, қан сарысулары, қан;
- турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары;
- ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер;
- есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура;
- телефон аппараттары;
- өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар.