Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.
Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды.
Еске салайық, Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалда да күдікке ілінген болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.