Мәжіліс алаңында министрге кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық мектеп оқушыларына каникулды қысқарту ұсынысы туралы сұрақ қойылды.
Жақтайтындар да, қарсы болатындар да бар екенін айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың уәжін түсінеміз, бұл жерде ғылыми көзқарас болуы керек. Министрлік, білім басқармасы, мұғалім немесе ата-ананың көзқарасы тұрғысынан қарамауымыз керек. Оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарау керек, — деді министр.
Оның айтуынша, қазір білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.
Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін қазір зерттеу жүргізіп жатырмыз және оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Бұл мәселені әріптестермен алдын ала талқылаймыз, — деді Асхат Аймағамбетов.