Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
Еліміздің солтүстік өңірлеріне нағыз қыс мезгілін әкелген циклон ауыса бастайды. Республиканың шеткі батыс және солтүстік облыстарын қоспағанда, жауын-шашынның тоқтауы күтіледі,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар антициклон республиканың барлық аумағында дерлік ауа температурасының жоғарылауына әкеледі, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді.
Күндіз республиканың батысында термометрлер +10…+20°С, солтүстік және шығыс облыстарда +5…+13°С, оңтүстік жартысында +15…+23°С. градусқа жетеді,- делінген хабарламада.