Жолдардың жабылуына ауа райының қолайсыздығы (көктайғақ, қатты жел, боран салдарынан жолдың дұрыс көрінбеуі) себепкер болды. Қазіргі таңда Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүтсік Қазақстан, облыстарында республикалық маңызы бар жолдар жабық. Барлығы 40-тан астам учаске жабылған, — делінген хабарламада.
Республикалық маңызға ие жолдардағы жағдай туралы жедел ақпаратты «ҚазАвтЖолдың» сайтынан көруге болады.
Ұзақ жолға шықпай тұрып ауа райының мәліметтерін тексеріп, жағдайдың жақсаруын күту маңызды. Ауа райының қолайсыздығы туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмауды сұраймыз. Қазір күшейтілген жұмыс режимі қосылды. Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда 1403 нөміріне хабарласыңыз, — делінген хабарламада.