Конституциямыздың 57 және 58-баптарына сәйкес, палата төрағасының ұсынуымен парламенттің әр палатасы орталық сайлау комиссиясының 2 мүшесін тағайындайды. Осыған байланысты бұл қызметке әріптесіміз Мұхтар Ерманның кандидатурасын ұсынып отырмыз, — деді мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Ерлан Қошанов.
Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Парламент мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының басшысы, алтыншы, жетінші сайланған ҚР парламент мәжілісінің депутаты болды.
«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды.