Өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күйшейуі ықтимал.
Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізіліп жатыр.
Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды,- делінген хабарламада.
Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар. Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар,- делінген хабарламада.
Блок-бекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 бірлік жеңіл, 482 бірлік жүк және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 бірлік жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл-318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 бірлік техника бар техникалық бірлік (жеңіл-35, жүк-22), Павлодар облысы — 110 бірлік техника (жеңіл-46, жүк-64).
ТЖМ тұрғындарға қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырды. ТЖ болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз.