Ауа райына байланысты автотрассалар жабылды

«ҚазақАвтоЖол» РМК хабарлауынша, 5 ақпанда сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» жолының 615 шақырымынан (Қобда ауылының тұсы) және 526 шақырымына дейінгі (Батыс Қазақстан облысы шекарасына дейін) аралықта сондай-ақ «Ақтөбе-Астрахань» жолының (Шұбарқұдық ауылы тұсы) 11 шақырымынан бастап Атырау облысы шекарасына дейінгі 330 шақырым аралығында барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Түнгі 23-15-тен бастап, барлық автокөлік түрлері үшін «Самара-Шымкент» (718-618 шақырымдар, Ақтөбе қ. — Қобда), «Самара-Шымкент» (773-836 шақырымдар, Белогорка-Хромтау) жолдары жабылды.

6 ақпанда 00-15-тен бастап, «Ақтөбе-Орск» (17-135 шақырымдар, Пригородный ауылы-РФ 2-шекарасы) жабық тұр.

Сондай-ақ 00-50-ден бері «Ақтөбе-Орынбор» (8-99 шақырымдар, Ақтөбе — РФ шекарасы) автожол бөліктері барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.

Батыс Қазақстан облысында 6 ақпан, түнгі 03-00-де ауа райы жағдайының нашарлауынан (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі) республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» (330-526 шақырымдар) автожолының бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Алматы облысында 3 ақпан күні 21-00-де ауа райының қолайсыздығынан (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық автокөлік түрлері үшін «Талдықорған-Қапал» (0-76 шақырымдар) жолында қозғалыс тоқтады.

Павлодар облысында 4 ақпан күні кешкі 18-00-де ауа райының қолайсыздығынан «Павловка-Галицкое» (0-40 шақырымдар), «Чернорецк-Ольгино-Успенка-Шарбақты» (0-149 шақырымдар), «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121 шақырымдар) автожол бөліктері жабылды.

Ақтөбе облысында 5 ақпан күні 23-00-де ауа райының нашарлауына байланысты «Донское-Бадамша» (6-45 шақырымдар), «Петрапавловка-Хазретовка» (0-36 шақырымдар), «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» (5-93 шақырымдар), «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» (0-371 шақырымдар), «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі» (0-175 шақырымдар), «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» (2-190 шақырымдар) автожолдары жабылды.

ДереккөзKhabar.kz