Комиссия мүшелері Қапшағайды Қонаев қаласы деп қайта атау туралы ұсынысқа оң қорытынды берді. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес жұмыс жүргізу үшін Алматы облысының әкімдігіне жолданады.
Еске салсақ, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысын Жетісу және Алматы облыстары деп бөлуді ұсынды. Алматы облысының орталығы Қапшағай болады. Мемлекет басшысы егер жұртшылық Қапшағай атауын Қонаев деп өзгертуді ұсынса, бұл пікірге қосылатынын айтты.
Көп ұзамай Алматы облысының бірқатар үкіметтік емес ұйымдары Қапшағайды қайта атау туралы бастама көтерді. Бұл ұсынысты Қапшағай мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдап, Алматы облысының ономастикалық комиссиясына жолдаған болатын.