Басты бетЖаңалықтарЕлімізде алдағы...

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Болжам бойынша, наурыздың соңғы күндерінде солтүстік-батыс циклон әсерінен ауа райы тұрақсыз болады.

Осылайша республиканың барлық аумағында жауын-шашын жауады: 29 наурызда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында. Ал 30 наурызда тек елдің шығысында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады, жел секундына 15-28 метрге дейін күшейеді, солтүстік пен оңтүстікте желдің екпіні тіптен секундына 30 метрге дейін және одан да көп болады, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында бұрқасын байқалады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтіледі: түнде республиканың солтүстік жартысында 6 градус аяз…2 градус жылы, оңтүстік жартысында ауа температурасы 5 градус аяз…5 градус жылыға дейін ауытқиды, күндіз батысында, оңтүстік батысында және оңтүстігінде ауа температурасы 10…20 градусқа дейін, солтүстігінде 2…8 градусқа дейін көтерілуі, шығысы мен орталығында 3…11 градусқа дейін күтіледі, — делінген хабарламада.