Басты бетЖаңалықтарАлматыда такси...

Алматыда такси жүргізушілері бақылауға алынды

Алматы қалалық әкімшілік полиция басқармасы қаладан негізгі шығу жолдарындағы көлік қозғалысы жағдайының шиеленісуіне байланысты алаңдаушылық білдірді.

Кейбір азаматтар такси қызметін көрсететін көліктерді тоқтату мақсатында жол бойында қол созып, өз әрекеттерімен жол бөлігін тарылтып, көлік кептелісі мен төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырады.

Сол арқылы өздерінің ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біз “Сергек” камераларын қаладан шығатын негізгі жолдарға эксперименталды түрде орнатуды ұсындық. Олар — Төле би даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Момышұлы көшесі, Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі, – деді Алматы қалалық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.