2021 жылғы қазанда шекара қызметі мен ҰҚК-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті Каспий теңізі су айлағындағы бірлескен іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін екі шетел азаматы мінген «Амур» типті шағын кемені ұстады, — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, жүзу құралын тексеру барысында салмағы 14 келі «апиын», 8 келі «гашиш» және «метадон» психотроптық затының 29 пластинасы табылып, тәркіленген.
2021 жылғы желтоқсанда ұсталғандардың бірі 392-баптың 1-бөлігі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту») бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге ҚР шегінен шығарумен 6 айға бас бостандығынан айырылған.
2022 жылғы 10 наурызда мамандандырылған ауданаралық сот екінші шетелдік азаматты қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп таныған.
Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтей отырып, 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген.