Күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері табалар, шәйнектер, табақтар, пышақтар және басқа да ас үй ыдыстарын тәркілеген.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде төтенше жағдайды пайдалана отырып, А. есімді азамат сауда орталықтарының бірінде орналасқан ыдыс-аяқ бутигіне заңсыз кіріп, жалпы құны бес миллион теңгеге жуық ас үй ыдыстарын алып кеткен. 32 жастағы азамат қылмысын мойындады. Ол бірнеше бейнебақылау камерасына, соның ішінде куәгерлер видеосына түсіп қалған. Дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктінің әрекеттері қылмыстық кодекстің 188-бабы 3 бөлігінің 3 тармағымен («Ұрлық») сараланады, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.