Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда импорттық...

Қазақстанда импорттық қант тек ішкі нарықта пайдаланылады

Бұл туралы “Ашық НҚА” сайты хабарлады.

Ресейде қант экспортына уақытша тыйым салынуына байланысты Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір заңнамаларға өзгеріс енгізді. Соған орай Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге мемлекеттерден әкелінген қанттың барлығы тек ішкі нарық пен өнім өндіруге ғана жұмсалатын болады.

Ресейде ЕАЭО елдеріне қантты экспорттауға уақытша тыйым салынуына байланысты ішкі нарықты қантпен қамтамасыз ету үшін үшінші елдерден әкелінетін қант ішкі нарықта ғана пайдаланылады, — делінген хабарламада.

Қазіргі күні Қазақстан тұтынатын қанттың 58% сырттан кіргізіледі.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның 2022 жылдың тамыз айының соңына дейін кедендік бажсыз ЕАЭО елдерінен тыс 250 мың тонна қант кіргізуге мүмкіндігі бар.