Басты бетҚоғам"Екі дәуірдің...

«Екі дәуірдің өкілі». Роза Рымбаева мен Imanbek ән жазды

Бұл әнде ақын Мұқағали Мақатаев Наурыз мейрамының бүкіл болмысын жеткізсе, сазгер Талғат Сарыбаев оны әсерлі дыбыстармен толықтырды.

Роза Рымбаева мен Imanbek бір-біріне ұқсамайтын стильде жұмыс істейтін екі түрлі дәуірдің өкілі болса да, оларды музыкаға деген махаббат, бірлікке деген ұмтылысы және Coca-Cola біріктірді. «Наурыз-думанда» Imanbek әртүрлі форматымен, оның ішінде құралдарымен, формасымен, мақсатымен және жасалу тәсілімен ерекшеленетін екі стильді қосуға тырысты. Imanbek жасаған саунддизайн халық арасында кең тараған «Наурыз-думан» әнінің қайырмасына жаңа тыныс берген сыңайлы. Ремиксті диджейдің Yandex.Music/Apple Music/YouTube сияқты музыкалық платформалардан тыңдауға болады, — деп хабарлады Coca-Cola Қазақстан.

Айта кетейік, биыл «Наурыз-думан» әніне 33 жыл толып отыр. Роза Рымбаева бұл әнді алғаш рет 1989 жылы Алматыдағы Жамбыл атындағы филармонияда өткен жеке концертінде орындады.