Елімізде дәрілік заттарды экспорттауға тыйым салынуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстаннан дәрілік заттарды экспорттауға уақытша тыйым салуды жоспарлап отыр.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, 6 айға Қазақстан аумағынан кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде фармацевтикалық субстанцияларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, сонымен қатар оларды өндіруге арналған материалдар мен компоненттерді әкетуге тыйым салу ұсынылады.

Тек мына жағдайларда рұқсат беріледі:
  • Қазақстаннан тыс жерге транзиттік жөнелтілім бойынша тасымалданатын жүктер;
  • тек жеке пайдалануға, жеке тапсырысқа арналған медициналық бұйымдар;
  • халықаралық гуманитарлық көмекке арналған тауарлар;
  • бөлшек сауда шеңберінде жеке тұтыну үшін әкелінетін және сатып алынған тауарлар;
  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде алынған дәрілік заттар;
  • сатуға құқығы жоқ көрмелерге арналған үлгілер;
  • зерттеулер мен сынақтарға арналған үлгілер;
  • пайдалану орны бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында өндірілген радиофармацевтикалық препараттар;
  • мемлекеттік тіркеу кезінде сараптамаға алынған үлгілер;
  • пациенттің немесе оның донорының аутологиялық биоматериалдарын пайдалана отырып, жеке қолдануға арналған кеңейтілген терапиялық дәрі-дәрмектер;
  • ЕАЭО кедендік аумағына келетін көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж мүшелерін емдеуге арналған дәрілік заттар;
  • халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушыларды және халықаралық экспедицияларға қатысушыларды емдеуге арналған дәрілік заттар;
  • Қазақстан өндірушілері шығарған, тыйым салынған «СТ-1» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар дәрілік заттар.

Бұйрық жобасы 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз