Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының маңында China Eastern Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.
Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан cізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сонымен бірге достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын, – делінген жеделхатта.
Еске салайық, Boeing 737 ұшағы Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында апатқа ұшырады. РИА Новостидің хабарына қарағанда, бортта 133 адам болған.