Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, президентке ғылым-білім орталығын қайта қалпына келтірудің және жаңғыртудың алғашқы кезеңінің нәтижелері мен жоспары туралы мәлімет берілді. Сонымен бірге Алматы әкімдігінің балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасау үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтылды.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың көркем шығармашылық жұмыстарының көрмесімен және сарайдың жаңа инновациялық қызметімен танысты.
Мемлекет басшысы биология және нейротехнология, гидропоника, 3D модельдеу және робот жасау зертханаларын, сондай-ақ анимация, дыбыс жазу, білім беру медиажобаларына арналған студияны аралап көрді.
Мемлекет басшысы оқушылармен әңгімелесті және оларды Наурыз мейрамымен құттықтады.
Президент балаларға сыйлықтар тарту етті, соның ішінде мобайл құрылғы арқылы басқарылатын кейінгі үлгідегі оқу телескопын сыйға тартты.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге оқушылар сарайына автобус сыйлады.