Мәжіліс депутаты көпшілікті еліміздегі саяси реформаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын болуға шақырды.
Президентіміз жолдауында үлкен саяси реформаны бастады. Сол реформаларды жүзеге асыруға біз дайын болып, оны дұрыс қолдана білуіміз керек. Қазір мәслихаттардан бастап, парламентке дейін әрқайсымызда мүмкіндіктер бар. Үніміз шығады, президенттің құлағы халықта. президентіміз интеллектуал, стратег. Ол елдігіміз сыналған қаңтардағы дүрбелеңде уақытылы, батыл шешімді мемлекетіміздің мүддесіне сай қабылдады, — деді депутат.
Осы орайда ол еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси реформалардан кейін партияның болашағына күмәнмен қарағандарға жауап берді.
Партия бар. Партия – осында, ол – біз. Ал біз Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды жүзеге асыру үшін бірге жұмыс істеуге дайынбыз! Наурыз – қашанда ертеңгі күнге үміт сыйлайтын жаңашылдықтың бастауы. Сондықтан үмітімізді үзбейік. Жаңа Қазақстанымызды үлкен үмітпен бастайық!, — деді Саясат Нұрбек.
Еске сала кетейік, бүгін Алматыда бейбіт митинг өтіп, оған жалпы 1 мыңнан аса адам қатысты. Оны Amanat партиясының Алматы филиалы vемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы саяси реформаларды қолдау мақсатында ұйымдастырды.