Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Әлеуметтік желілерде Қазақстанда оқушыларға арналған «ЛГБТ дамыту» және ерте жыныстық ағарту бойынша бағдарлама әзірленіп жатқаны туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Мұндай ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл тағы бір фейк. Осындай тақырыптарды насихаттау бойынша қандай да бір оқу бағдарламалары мен пәндер жоқ және болмайды да, — делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен бірге білім министрлігі мұғаілімдердің мұндай бастама көтермегенін айтты.