Алматы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңбыр жауып, ауа райы нашарлайтыны туралы ескертуден кейін 18 наурызда сағат 9:45-те 112 желісіне 15 хабарлама түскен.
Алатау ауданынан — 4 хабарлама, Жетісу ауданында — 5, Алмалы — 2, Бостандық, Медеу, Түрксіб, Наурызбай — бір-бірден. Барлық мекенжайда мердігер ұйымдар, аудандық төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Тек Райымбек даңғылы бойындағы №230 үй маңындағы су басқан бір учаскеде «Алматы Тазалық» (үш техника, екі мотопомпа және 14 адам) күшімен 35 текше метр су шығарылды. Қазіргі уақытта қауіп жойылды, жағдай тұрақталды. Көшеде мониторинг жалғасып жатыр,- делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Наурыздың басынан бері Алматыда 87 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұған дейін қалада жауын-шашыннан кейін жергілікті су басу бойынша 14 факт тіркеліп, әкімдіктер мердігер ұйымдары мен төтенше жағдайлар департаменті барлық деректі жойды.