Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі;
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры;
1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі;
2000-2001 жылдары — Қапшағай білім бөлімінің басшысы;
2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры;
2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры;
2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры;
2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.