Рудныйда ер адам көршісін баласымен қоса өртеп жіберді

Қостанай облысының полиция департаменті Рудный тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

16 наурызда Рудный басқармасының кезекшілік бөліміне хабарлама түскен. 44 жастағы ер адам көршілерінің пәтеріне барған. Оған есік ашқан кезде, ол 32 жастағы әйел мен баласының үстіне керосин құйып, өртеп жіберген. Кішкентай бала қатты зардап шекті.

Қазір бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 40%-тен астамын күйік шалған. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Әйелдің қолдары күйген. Ер адамның мұндай әрекетке баруына көршілер арасындағы жанжал себеп болғаны анықталды, — деп нақтылады Ерлан Омарбеков.