Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ресейге заңсыз майнинг құралдарын әкетпек болғандар ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, олар Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» көлік өткізу бекетінде ұсталған. Шекарашылар Ресейге бара жатқан DAF маркалы көлікті тоқтатқан.

Көлікті тексеру барысында майнингке арналған Avalon құрылғысы табылды. Оған кабельдер қосылған. Жабдық 813 жәшікке салынған. Олар тауарды шетелге ешқандай құжаттарсыз тасымалдауға тырысқан, — деді ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері.

Exit mobile version