Басты бет Жаңалықтар Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда көшеде маска тағу талабы алынды

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда көшеде маска тағу талабы алынды

16 наурызда Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова "Қаладағы карантиндік шектеу шаралары туралы" қаулыға қол қойды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңа қаулыға сәйкес, көшеде маска тағу талабы алынды. Дегенмен жабық жерлерде, қоғамдық көлікте маска кию міндеті қалады.

Сонымен қатар, елордалық эпидемиология жағдайын бағалау матрицасының «сары» және «жасыл» аймақтарында орналасқан барлық нысандарда Ashyq қосымшасын пайдалану бұдан былай міндетті болмайды.

Бас мемлекеттік санитария дәрігер шешімінің толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Exit mobile version