Басты бет Жаңалықтар Ералы Тоғжанов неге масканы әлі шешуге болмайтынын айтты

Ералы Тоғжанов неге масканы әлі шешуге болмайтынын айтты

Вице-премьер Ералы Тоғжанов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Ashyq қосымшасы алынып тасталғанына қарамастан, ғимарат ішінде маска режимін сақтау керектігін айтты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен, «жасыл» және «сары» аймақтарда Ashyq алынып тасталды. Қазақстандықтарға көшеде маска тақпауға рұқсат етілді. Алайда ғимарат ішінде маска режимі міндетті.

Ералы Тоғжанов қазір коронавируспен байланысты жағдай бақылауда екенін атап өтті. Жергілікті бизнес пен халық үшін пандемия жағдайында жұмыс істеу үшін жағдай жасалған.

Бүгінде Қазақстанда коронавирустың өсуіне қатысты алаңдаушылық жоқ. Сол себепті біз талаптарды барынша азайттық. Көшеде бетперде тақпау туралы шешім қабылдадық. Ғимарат ішінде тақпауға әзірге рұқсат еткен жоқпыз. Өйткені басқа ауру түрлері, тұмау бойынша эпидемиология ауруы жүріп жатыр. Сондықтан әзірге ғимарат ішінде маска тағып жүру ұсынылды, — деді вице-премьер.

Exit mobile version